ҚҰРУ

lat: QURÝ

Құр етістігінің қимыл атауы; жасау, ұйымдастыру, біріктіру; одақтастыру.

Осылармен бірге мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыруы қажет (Б.Жүнісов,... Нарық. экон. негіз.).

Қазыбай да өзінің қонақтарына совхозды құру жолындағы бастан кешкендерін ағыта бастады (I.Есенберлин, Көлеңке.).

Өзінің тарихында тұңғыш рет көпұлтты Қазақстан халқы дербес мемлекеттілігін құруға кірісті («Егемен Қазақстан»).