lat: QURÝLY
с ы н. 1. Ұсталған, ілінген, құрылып қойылған.
Жұмағұл сырт киімін шешпестен құрулы тұрған шымылдықты ашып қарады (З.Ақышев, Ақбел.).
Зеренді, Жер ме едің жасыл дара,
Қайыңның желбіреген шашын қара.
Құрулы тұрғандай бір көк шымылдық,
Жүгіндей қыздың жиған тасын қара (Е.Ибраһим, Көктем.).
2. Орнатып қойған, дайын тұрған.
Құрулы ошақ, қара қазан бар дегендей, шығып кете беру оңай дейсің бе (Д.Исабеков, Тіршілік).
Аллаға нешік шара бар,
Далаға шыққын, Қаншайым,
Мүсәпір болған сіздерге
Құрулы тұрған дары бар (Ғашық-наме).
Үйдің нақ ортасында құрулы диірмен, тостаған толы бидай (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).
Алдарын- да екі пулемет құрулы тұр (X.Есенжанов, Ақ Жайық).
3. Оқтаулы.
Қатын, бала, қара орман
Баршасын жауға алдырған,
Құрулы жатқан жебеге,
Құрсағынан шалдырған.
Асыра келіп ойласам,
Бұл заманның шағында,
Махамбеттей зарығып,
Мұңды болған қайда бар? (Махамбет, Шығ.).
1812 жылғы орыс- француз қырғынында құрулы мылтық , құрсанған жауға дара шауып, Сенадан ат суарған қазақтар туралы ойладым («Жас Алаш»).