ҚҰРҒАУ

lat: QURǴAÝ

Құрға етістігінің қимыл атауы; кебу, кеберсу, ылғалсыздану.

Теңіз жиегіндегі саяз сулар тартылып, құрғау басталды (А.Машанов, Жер асты.).

Күн шыжып, топырақ ылғалы кеми бастаған кезде ол жапырақтарын тағы да түсіріп тастайды. Сөйтіп, ондай өсімдіктің жапырақтары, күннің ысуы мен топырақтың құрғауына және жаңбырдың жаууына қарай, бір жазда бірнеше рет түсіп, бірнеше рет шығады, сонымен өсімдік тіршілігін сақтайды (Т.Мұсақұлов, Ботаника).