ҚҰРҒАҚ

lat: QURǴAQ

з а т. 1. Құрлық, құрғақ жер.

Жержүзін өлшеп, план пішкенге ше.

Кенін қазып, дәм-тұзын ішкенге ше,

Құрғақты теміржолмен орап алып,

Флотпен мұхиттардан кешкенге ше?! (С.Торайғыров, Алаш ұраны).

Әрі кетсе он сегіз сағат іші,

Қос кеме, мың сан қару адам күші.

Көмекке жеделдетіп жеткіземіз,

Теңізбен, құрғақпенен де өткіземіз (Ж.Смақов, Мың махаббат.).

Бақалардай бақырған

Құрғақ та бір, Су да бір (Қ.Мырзалиев, Күміс.).

2. Жағалау, судың жағасы, сусыз жер.

Алдымда тұр жағалау көлбең қағып,

Өмір-су бір тын-бастан келген ағып.

Сонау бір құрғақ , суық жағалауға

Бас қойып, жығылармын мен де барып (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Құрғаққа шыққан жайын қанаты қырқылған құспен тең емес пе? (С.Мұқанов, Шығ.).