ҚҰРҒАҚ

lat: QURǴAQ

с ы н. 1. Сулы емес, дымқыл емес; кебу.

Жеті күн боран соқты ашылмастан, керуендер өлер болды енді аштан. От жағып ауқат қылар еш лаж жоқ, құрғақ нәрсе табылмай халі қашқанашық-наме).

2. Қурап қалған, қу.

Жеңгесі пешке ағаш әкеп салды. Құрғақ қарағай шытыр-шытыр етіп маздап жанды.Жақсыбаев, Қайырлы таң).

Шым үйдің ішінде: жерге төсеген құрғақ қамыс, бір жақ қабырғасына үйіліп қысқы киімдер жатыр .Шарипов, Шығ.).

Қалғандары тоғайға барып құрғақ бұта жинап, от жақты .Жұмағұлов, Қыран.).

3. г е о г р. Жауын-шашынсыз, ылғалы аз.

Орталық Қазақстанның далалы аймақтары көбінесе құрғақ болады.Балтабаев, Жасыл орман).

Жазы құрғақ, қысы қатал Семей өңірінде де қой басынан егіз қозы өсіруге болады екен (К.Боқасов, Әкеге қарап.).

4. Суы тартылып қалған (арна, аңғар т.б.).

Ақжансай дария Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы құрғақ арна (ҚСЭ).

Неге бұлай? Жәлелдің ойынша, Оңтүстік Бозашыдағы, Қызандағы аздаған зерттеулер мұнай теңізінің құрғақ араларында өтіп жатқан секілді. Мұнаралар мұнайы бар алаңдарға қойылмағандай көрінеді оған (І.Есенберлин, Маңғыстау.).

5. Кеберсіген, кеуіп кеткен, сусаған .

Шілденің ыстық шағы еді. Көптен жаңбыр жаумай, жер құрғақ.Мұқанов, Таңд. шығ.).

Азғана ағашы бар, кең қораға келіппіз. Жаңбыр тоқтаған, жер құрғақ.Мүсірепов, Қазақ солдаты).

6. Қақырықсыз, түкіріксіз (жөтел).

Сәл ғана жөтеледі, өкпеде аздаған құрғақ сырыл естіледі (Б.Айтқожина, Бронх демікпе.).

Үрмәш бір күн, бір түннен кейін ғана көзін ашты. Оқтын-оқтын құрғақ та ауыр жөтеледі (Ә.Әлішев, Батыр.).

Бала кенет жөтеле бастады. Жөтелі кеңірдек кесердей құрғақ екен («Лен. жас»).

7. а у ы с. Бос, құр бекер, жай, нәтижесіз.

Құрғақ әкімшілікті жою, партия ұйымын өндіріске жақындату міндеттері алға қойылды.Арыстанов, Естен кетп.).

Сонымен, екі жақ құрғақ ар-басу жолында.Дулатов, Шығ.).

Құрғақ мақтау емес, малдай сыйға белшеден батып қалды.Тұрманжанов, Адам.).

Сөйтіп құрғақ белсенділікке салынып, ақындарымызға орынсыз кінә тақты.Мәуленов, Үркер.).