сын. 1. Ылғалдылығы кеміп, кеуіп кеткен, кеберсіген (жер). Жылым тұрған сол қуысты орап өттік айналып, Тартпа батпақ жиегімен құрғақ жерді ойға алып, Тұрды адамдар балдырменен кеңірдегі байланып (5,38). 2. ауыс. Құр, бос . Ұлан-асыр ұлы күрес. Түбінде бір жеңерміз, (Біз әзірге даурықпаға шетімізден шеберміз). Құрғақ даңқ құлы болып, бәлки бір күн, кім білсін, Құр таласпен күн өткізіп, түк өндірмей өлерміз (2,152). Байқамай «өйтті», «бүйтті» деп, құрғақ баяндауға да ұрынуың мүмкін (4,298).