lat: QURǴAQSY
е т. 1. Құрғақ тарту, кебіңкіреу.
Көптен бері көктен жалғыз тамшы тамбай, құрғақсып, ерні кеберсіп жатқан жердің бетін жаңбыр басты (С.Сейітов, Сөз сұра.).
Жаңбыр жаумай, жер құрғақсып тұрғанды («Лен. жас»).
2. Кеберсу, қаңсу.
Иә, Жазира, жеңешең де сұлу… біздің Ахат аға те- гін кісіге ғашық болмайды ғой, – дейді Самат ағам. Ғашық деген сөзді естігенде құлағым елең ете түседі. Әлденеге екі бетім дуылдап, тамағым құрғақсығандай (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты).
Кейімеші, жар ізгі! Кейімеші, тәңірім! Кеуіп қалған тәрізді. Құрғақсиды тамырым (Қ.Мырзалиев, Домбыра).