lat: QURǴAQTAI
ү с т. 1. Құрғақ, кебу күйінше.
Ал денсаулығы нашар нәзік балалардың де- несін 1–2 апта бойы құрғақтай жұмсақ сүлгімен әуелі қолын, сосын аяғын аздап қыздырғанша сүртеді (С.Нұрғожаев, Бала ауруы).
Жаңағы көкем айтпақшы: – Не жаңалық бар? –деп сұрадым. – Не жаңалық сұрайсың? Төрт бірдей шал шабуылға шығыпты. Санап берейін бе? – Дүйсенді әкесі тура қуып еді, желаяқтың пайдасынан құтылып кетті. Біздің үйдің де сырты суық көрінеді, естуіме қарағанда, шашымды құрғақтай сыпырғалы отыр дейді (Қ.Жаркенов, Туыстар).
2. Еш нәрсе араластырмай, қоспай, жалаң.
Үлкен самауыр шайды құрғақтай ішіп болған соң Қалиман мен Қаңтарбайды ертіп Арын Әбілді іздеп шықты (З.Ақышев, Ақбел.).
Біреулер нанды құрғақтай айдап, қоржынға әйелі не шешесі тыға салған кешегі піскен етті азуға басып жатыр (М.Жұмағұлов, Қыран.).
3. а у ы с. Таза есеппен, еш мүмкіндік бермей .
Сапакең соған сеніп: – Құданың құдіреті, ойын деген қызық қой. Анау прокурор бала мені бұйым құрлы көрмейді. Ал Бауыржан оны ылғи құрғақтай қарамай қаптырады. Мен болсам, Бауыржанды шақ келтірмей ұтамын, – деп ылғи мақтанып жүреді (Ә.Нұршайықов, Ақиқат пен аңыз).