lat: QURAǴYT
е т. 1. к ө н е. Бір істі орындауға ынтық болу, құмарту; талпыну.
– Е, шырағым, сен оқу іздеп құрағытып келген бала емес, әуесқойлықпен, жеңілдікпен, бетіңмен жүргенді жақсы көріп келіпсің ғой. Ол болмайды (С.Бегалин, Сәтжан).
Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл Патшадай – малды кісі, кедейлер құл. Сұңқардай құрағытқан бауын түтіп, Дәулетсіз қор болды ғой, қайратты құл (Үш ғасыр.).
2. Құстың ұша алмай жер бауырлап қалуы.
Саласы көлемді. Бірақ біз айтқан сынға маңайласпайды. Екінші біреуі құрағытып қалған шөп қаршыға екен. Оны қолға алысымен, қайтып тұғырға қондырдық та қозғағанымыз жоқ (Ш.Айманов, Қыран.).
Мен құрағытқан бірқазанды ұстап алдым (Қаз. тілі диалек. сөздігі).