ҚҰРАЛУ

lat: QURALÝ

Құрал етістігінің қимыл атауы; жинақталу, басы бірігу.

Хажы жолына бір мінгішті сатып жібергелі бұл үйге жылқы басы құралуды қойды (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).

Тана-торпақ, тоқты-торым сияқты ұnақ жәндіктерден бастап, малдың басы құралуға айналды (С.Мұқанов, Шығ.).

Бұл жөніндегі аңыздардың маңызды болатын себебі олар бір халыққа жататын руларды және халықтың құралуын анықтайды (Ш.Уәлиханов, Мақала. хат.).