ҚҰРАМА

lat: QURAMA

з а т. 1. т а р. Әр тараптан басы қосылған, бір жерге жиналып біріккен ел, жұрт.

Құрама жиып ел қылып, Қосын таза сақтаған. Тілі шайпау тентегін, Ақылменен тоқтатқан .Сейфуллин, Шығ.).

Жетпіс түрлі тіл білген,

Шешендікке жетіккен,

Қара құс жиып күш қылған,

Құрама жиып жұрт қылған (Манас).

2. Әртүрлі әскери бөлімдерден немесе тұтас бір қол боп құралған жоғары басoылығы мен штабы бар әскери бірлестік, топ.

Мейманхана вести- бюлінде армия штабының офицерлері, әскери құрамалардың командирлері күтіп отыр екен .Момышұлы, Шығ.).

Біз немістің қоршау шебін бұзып, екі үлкен қалада жаудың ірі құрамасын қоршауда қалдырдық (М.Ғабдуллин, Ел намысы.).

 3. ж е р г. Көпшілік бас қосқан жалпы жиналыс.

Жетіжылдық мектептің құрылысын салып шығуда көп тарих жатқан көрінеді. Колхоз құрамасында қарап, мектеп саламыз деп қаулы алыпты (З.Иманбаев, Айналайын.).

Үш күннен кейін Сәлемгерейден өзгесі Алматыға жүріп кетті. Ал бір жеті жетпей бұл барлау схемасын Қазақстан Eен зерттеу министрлігінің құрамасы да бекітті. Осылай өзек мұнайының тағы бір жаңа кезеңі, үлкен мұнай үшін жаңа тартыс-күресі басталды (I.Есенберлин, Маңғыстау.).

 4. с п о р т. с ө й л. Құрама команда .

Республикалық жарыстарда ерекше шеберлігімен оқшауланған ол 1986 жылы Қазақстан құрамасына қабылданды («Егемен Қазақстан»).