ҚҰРАМДЫ

lat: QURAMDY

с ы н. Бір нәрсенің құрамына енетін, соның бөлігі саналатын.

Саяси қызметкерлер әскери кадрлардың құрамды бір бөлігі боп табылады (Ө.Қанахин, Өз ақылы.).

Iскерлікке тәрбиелеу ақыл-ой тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі (Семья тәрбиесі).

Еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру жастарға коммунистік тәрбие берудің негізгі бір құрамды бөлігі («Қазақст. мект.»).