lat: QURAMDYQ
с ы н. Құрамға қатысты, соған тән.
Демек, әр сабақтан түсер дәннің сағы да үш-төрт есе көп. Бұл – арпа және бидайық шөбін өзара будандастыру арқылы алынған жаңа түрі. Ондағы мақсат – бидайық құрамдық арпаның көлемдік, бидайықтың көпжылдық және төзімділік қасиетін бір тұқымның бойына жинақтау. Байқап отырмысың, досым, жаңа өнімнің дәмділігі бидаймен бірдей болмақ (қ.Y).
Бұл олимпиада – республикалық физика-математика және химия олимпиадаларының құрамдық бөлігі («Қазақст. мұғ.»).
Сын есім болса, оның сөз табы ретіндегі өзіндік қасиеті, қандай, қай шырай формасында тұр, мағыналық, тұлғалық, құрамдық жағынан қалайша бөлінуші еді, соны анықтау қажет («Қазақст. мект.»).