ҚҰРБАН

lat: QURBAN

(ар. құрбан قربان)   

1. Құдай жолына арнап сойылатын мал, құрбандық шалу.

Құрбан шалған Ыбырайым, О да өткен дүниеден («Бозжігіт». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).

Құданың мұсылманға бұйрығы осы, Пыраққа мініп өтер құрбан шалған («Жан иесі өліп, ғарасатқа тіріліп, Ғазазіл ан хазірет илан үмбеттеріне таласып, имам Ағзам илан имам Шафқа жүгінгені». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Құрбандық [құрмандық, құрмалдық] 1. Құдай жолына арнап сойылатын мал.

Патша бұл сөзіне болады шат, Құрбандықтар бауыздап бек қабағат («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Қой, қой, бала, қой, бала, Құрмандығың сой, бала («Қамбар баһадүрдің жыры». Бабалар сөзі. 43-том. 2007. 100 томдық).

ұрмандыққа қой шалған, Бұлар да өткен дүнияден («Қарасай-Қази» (Айса Байтабынов жыршының нұсқасы). Бабалар сөзі. 42-том. 2007. 100 томдық).

2. Өлтіру, көзін құрту.

Көпшілік: Таста-таста, - деді, - суға, Құрбандық лайықты ондай қуға («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).

Құрбан айт ораза айтынан соң, 70 күннен кейін Зулхиджа айының 10 күні болатын діни мейрам.

2. Ауысп. Жанын қию, жанын беру.

Сен үшін дүниені талақ етіп, Жолыңа құрбан ғып ем ғазиз басты («Әсет Найманбаев». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).

Бір қыз сонда жылап тұра келді, Жаным құрбан болсын, деп ол жылады («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Досына құрбан еді жан жолдасы, Қасына жақынырақ енді келді («Бозжігіт». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).

Ал енді бізді көрсе ханның қызы, Жолымда шыр-пыр қағып құрбан болар («Бозжігіт». Ғашықнаме, 1976).

3. Бағыштау, садақа ету.

Ұл-қызым, мал-мүлкім сіздің жолға, Құрбандық , пида қылдым, деді, hәммасын («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Міне, басым жолыңда құрмалдық ! деп, Домаланып арқасын тоса бердіҚұдайым жексенбі күні жер жаратты». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Құрмалдық деп ойлап тұр, Қыз бетінен сүйгелі Тырнақтап жиған дүниені, Шағалақтың бұл сырын, Батыр туған Қабанбай, Айтқызбастан білгені («Қаракерей Қабанбай батыр». Бабалар сөзі. 58-том. 2010. 100 томдық).