ҚҰРБЫ-ҚҰРДАС

lat: QURBY-QURDAS

з а т. Заманы бір, жасы қатар, замандас; дос-жар, жолдас-жора.

Сонан соң қайтып келдім қыз қасына,

Пайдасы тиген сондай бір басыма.

Неше күн ел-жұртыммен амандасып,

Қосылдым қатар құрбы-құрдасымаазар жы- рау, Жыр.).

Оң жақтағы үзеңгісін

Бәрінің мен кесермін.

Осындай айла табармын.

Аман бар, батыр, еліңе,

Өніп-өскен жеріңе,

Құрбы-құрдас теңіңе,

Таймен шапқан беліңе,

Шомылып жүрген көліңеақтыбай ақын, Жыр.).

Еркелеп еркін өсіп ойқастадың,

Он жаста өлең айтып, той бастадың,

Кеп жатыр қош айтысып ағайындар,

Көп екен құрбы-құрдас жолдастарың (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Құрбы-құрдас , бауырласты сағындым,

Жаны қоңырау қаққандай.

Мәңгі сырлас ауылдасты сағындым

Арасында ақ маңдай.

Кіндік кескен, туып-өскен

Жалғызтауды сағындым (К.Салықов, Жезкиік).

Құрбы-құрдас, Сырдың кенін қазыңдар! Соны көңіл дәптеріне жазыңдар. Сүйегіме сінген- менен жомарттық, сараңдығым ұстап қалар кезім бар (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Секілді құрбы-құрдас жолдастарың,

Есіңде ме, еңбекке жол басқаның?

Есіңде ме, қаршадай қара бала,

Соқаның құлағына жармасқаның? (М.Мақатаев, Шығ.).