ҚҰРДАС

lat: QURDAS

з а т. 1. Жас жағынан жасты, бір жылы туған құрбы адамдар.

Жасым 84-ке келді. Сіздердің газеттен бір-ақ жас кішімін. Былайша айтқанда құрдаспыз («Егемен Қазақстан»).

Анау Жақып сән түзеп, сауық құрған,

Құрдасым емес пе еді бір күн туған?

Мен туғанда, табылмай қара сабын,

Ол туғанда, иіс сабын тәнін жуған (С.Торайғыров, Алаш ұраны).

Бір ойды қолға ұстатып санам,

Күтеді бір сөз байтағым.

Бақыткерей Ысқақов, саған

Құрдасың жайлы айтамын (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

2. Замандас, құрбылас дос-жаран.

Шыдамайсың ойынға,

Бажылдап зар-зар қағасың.

Сайтан келіп қамасын,

Бақаңменен құрдас боп,

Білмей жүрген шамасын (Бақтыбай ақын, Жыр.).

Әлі жұмысқа ілікпеген біздің құрдастарымыз , оның ішінде тұрмыс жағдайы көтеретіндер ғана одан әрі оқуын жалғастырды. Біз қатарлардың ішінде жоғары оқу орнын былай қойғанда, орта мектепті бітіргендердің өзі өте аз.Әлімжанов, Оралу).

Тілегімді тауыстым мақсатымды,

Әжептәуір шығардым жақсы атымды.

Тұрғыластар, құрдастар , қушыкештер,

Ұмытпайды баяғы жас ақынды.Молдағалиев, Шақырады.).

Кәсіптестер нәсібі ортақ ауылдай,

Студент достар бірге туған бауырдай.

Мектептестер қайта оралмас көктемің,

Құрдастарың соқпай өтпес дауылдай (К.Салықов, Жезкиік).

// Бір уақытта туған, жасты .

Жас қала тұр Атырау жағасында

Көкірегі толған арман әй, аппақ гүл дерсің қауызын әлі жармаған,

Сарғалдақ өңді сәбимен құрдас қала бұл

Әлі мектепке бармаған (Т.Айбергенов, Мен саған).

Құрдас жылдар өткен бе, ақшаланды бұл басым жапырақ жайып көктемде, жасарады құрдасым (Қ.Бекхожин, Қайран жастық).

// Тұстас, қатарлас .

Сен Октябрьмен құрдассың, жаңа дүниенің жас азаматы, бәріміз де жиырма бестеміз.Әбілдаев, Коммунист.).

Қылтиып суреті де тұр басымның...

Сонымен республика құрдасымын.

Басқаның өлер жылдан бәрі алдыңда,

Аз десең ан- кетаны, жырда сырым.Молдағалиев, Шығ.).

3. а у ы с. Сырлас, мұңдас, тілегі бір адам.

Көңіл серігі, жанның құрдасы.

Жаһанның байлығы, жалғыз бір басы.

Елдің жақсысы, жақсы баласы,

Сенен тілегім сағындырмашы! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Басқа басқа,

Қыр басқа.

Барып қайтсам құрдасқа ,

Болған онда бір күнім

Бір айыңа тұрмас па! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).