ҚҰРДАС

lat: QURDAS

зат. Бір жылда туған, жасты адамдар. Арзанқол достарым көп, құрдасым көп, Мен сені сағынамын мұңдасым деп. Жоқ менің өліп-өшкен махаббатым, Жанымды жылытсаңшы сырласым боп (3,147). Туған жерің? Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. Туған жылың? 1931. Құрдасымын Шәмілдің. Жынысың кім? Еркекпін ғой, еркекпін! Және дағы тәуірмін (3,235). // Қаратпа сөз ретінде де қолданылады. Құрдас , молдекеңе барып едім, үйінде өзі де, кемпірі де жоқ екен (4,183).