сабада не күбіде жиналған іркітті пісіп, майын алғаннан кейін, түбіне май жаққан қазанға құйып қайнатады. Түбі күйіп кетпес үшін, әлсін-әлсін араластырып отырады. Іркіт әбден қойылған соң, дорбаға құйып, суын сорғытады. Бұл - сүзбе. Оны әр түрлі пішінде сықпалап, құрт жасайды. Екі-үш жыл бойы сақтауға болады. « Құрт қайнатып жатқан үйдің қазаны бос болмайды. Ет асқысы келмеген үйге ол бір жақсы сылтау болатын. Абай мынау ыстық үйде, мынадай тырысқақ, ашушаң кісінің үйінде ет асым уақыт отыруды өз басына жазадай санап еді» («Шытырманда»).