lat: QURYLÝ
Құрыл етістігінің қимыл атауы; ұйымдастырылу, жасалу.
Оның құрылу тарихына көбірек тоқталғанымыз да, міне, осыдан (Ә.Нұршайықов, Менің Қазақст.).
Жас директор әңгімесін совхоздың құрылу тарихынан бастады (Ақ бидай).
Советтер Одағында, соғыс жайының қиыншылығына қарамай, ғылымның мейлінше өркендегенінің айқын белгісі – соғыс жылдарында бірсыпыра одақтас республикаларда Ғылым академиясының құрылуы болды (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).
Өйткені қазіргі тұрпаттағы ТМД-ның құрылуын жария еткен тарихи құжаттарға Алматы қаласында қол қойылған болатын («Егемен Қазақстан»).