ҚҰРЫЛҒЫ

lat: QURYLǴY

з а т . 1. т е х. Қандай да бір техникалық қызметке арналған тетіктер жүйесі.

Жанасуға болатындай электротехникалық құрылғылар жақсы изоляцияланады («Қазақст. мект.»).

Көптеген кемелерде қолмен басқарылатын штурвал кнопкалы құрылғымен алмастырылады (ҚСЭ).

Таратқыш құрылғылар жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалған шкафтарға орналастырылады (“Қазақст. мект.”).

2. Белгілі бір материалдан жасалған, белгілі формасы мен өлшемдері бар бөлшектердің өзара орналасуы және құрамы (Орыс.азақ. түсінд. сөздік).