ҚҰРЫЛ

lat: QURYL

е т. 1. Іліну, жайылу, жасалу.

Алдында құрылған шымылдық, жиюлы кіреует алдында жерде сырмақ, оның үстінде қаптап төсеген көрпе (М.Дулатов, Шығ.).

Көк перделер құрылғандай кеш кірді.

Алыс жақтан бір мұңлы әуен естілді.

Сазы қандай, назы қандай: ешбір ән

Дәл осылай тербемеген ешкімді (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

Бұл қыздың өтті осымен екі досы,

Құрылмай Алла арнамай ердің қосы.

Ішінде қата болса, ғафу еткей,

Опасыз, баянсыз жар деген осы (Ә.Найманбаев, Шығ.).

2. Ұйымдастырылу, жасалу.

Қазақстанның солтүстігінде ұлан-байтақ жазық далаларда соңғы үш жылдың ішінде астық шаруашылығының, әсіресе, жаздық бидайдың аса қуатты базасы құрылды (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).

3. Жасақталу, сайлану, бекітілу.

Осыған байланысты мына- наны айтқым келеді: Президенттің биылғы 24 қазандағы Жарлығымен орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік комиссия құрылды («Егемен Қазақстан»).

XVIII ғасырда I Петрдің басшылығымен құрылған «Ұлы солтүстік экспедициясы» бүкіл солтүстік жағалауды зерттеп, картаға түсірді (Н.Баяндин, Ғасыр. қойнау.).

Қазақстаннан құрылған әскери жасақтар ең жауапты ұрыстарға қатынасты (Қ.Ыдырысов, Отты жыл.).

4. Одақтасу.

Жасасын, жер-дүниедегі жалпы еңбекшіл табының тегістік негізіне құрылмақ кеңесті республикаларының одағы! (С.Сейфуллин, Шығ. жин.).

Жуырда Мәскеуде он жылдығы атап өтілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңестен кейінгі кеңістікте құрылған егемен мемлекеттердің өзіндік орын алатындығы сөзсіз («Егемен Қазақстан»).

5. Пайда болу, қосылу.

Полюстерге жеткесін хромосомдар топталып, біртіндеп аралықтары жақындап, қосылып түйіртпекке айналады, екі ядро құрыла бастайды телофазаға көшеді (Жалпы био- логия).