lat: QURYLDA
е т. 1. Бақаның құр-құр еткен дыбыс шығаруы.
Жақында көл. Құрылдаған көлбақа, барылдаған үйрек (С.Жүнісов, Өшп. іздер.).
Бақалардың неге құрылдайтынын білемісің (Ә.Тарази, Асу.).
Көлбақалар құрылдап ,
Әупілдейді әупілдек.
Көлді айналып балалар
Біраз жүрді еркіндеп (О.Шипин, Дастан.).
2. Құстардың пыр-пыр, құр-құр еткен, бір-біріне қосылған дыбыс шығаруы.
Қарттың алдында теңбіл-сары жапырақтармен шұбарланған боз асфальт үстінде уілдеп, құрылдап , жапыр- жұпыр боп жатқан көгершіндердің бір шеті дүр көтерілді де, шағын шеңбер жасап, қайта айналып қонды (М.Мағауин, Көк кептер).
Шықылықтап, құрылдап жатқан ың-жың құстар үні келеді құлаққа (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).
Бірте-бірте дыбыстар құрылдаған дауысқа жалғасып, орман ішін жаңғырықтырып, құлағыңды тұндырады (Р.Әлімбаев, Құстар.).