ҚҰРЫЛТАЙ

lat: QURYLTAI

з а т. 1. т а р. Түркі-моңғол ақсүйектерінің ресми кеңесі.

Түркілерде, кейін Шыңғыс хан империясында құрылтай үлкен рөл атқарған, онда негізінен, Ұлы хан сайлау, жауланған жерлерге иелік ету және әскери жорық бағытын белгілеу мен оған әскербасы тағайындау мәселелері шешілді (ҚҰЭ).

Ұлыстарда да жыл сайын Шыңғыс хан әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің құрылтайы шақырылды (ҚҰЭ).

Ата дәстүрі бойынша құрылтайға Шыңғыс ұрпағымен қатар, әр руда жұрт тұтқасын ұстаған ақсақалдар, ұлыстағы түменбегі, мыңбегі батырлар, тіпті, жорық, қауға күндерінде айрықша көзге түскен жалаң қылыш ерлер де келген еді.Мағауин, Аласапыран).

2. XV-XVIII ғасырларда түркі мемлекеттерінде, соның ішінде қазақ хандығында аса маңызды мәселелерді шешу үшін шақырылған жиын.

Махамбеттің жасы он тоғызға толғанда жалпақ жазирадағы биік төбелердің бірінде иісі қазақ бас қосқан ұлы құрылтай болды.Әлімжанов, Махам- бет.).

Әділ хан аз болады Назардайын, Алашқа Есім ханның жолы дайын. Тәукедей данышпан хан құрған екен, Басында Күлтөбенің құрылтайын.Жұмабаев, Шығ.).

3. р е с м и. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан секілді Орта Азия елдерінде мемлекеттік биліктің жоғары органы.

5-13 декабрьде екінші жалпы қазақ-қырғыз сиезі болды. Бұл сиездің кезінде Россияда екінші өзгеріс болып, уақытша үкімет жоғалып, құрылтай құрылатыны анықталып, большевик дәуірі басталған еді.Дулатов, Шығ.).

Мемлекет құрылтайы тез жиналып, Россиядағы халықтардың тілегін орындап, тіршілігін тәртіпке салуға тілектеспіз. Біз құрылтай билігінен еш уақыт қашқан емеспіз.Дулатов, Шығ.).

4. с а я с и. .. nuaca> Партиялардың, қозғалыстардың т.б. өзге де қоғамдық бірлестіктердің аса маңызды мәселелерге байланысты бастапқы басқосу жиылысы .

Бүкіл әлемнің қазақтарын жинап, Құрылтай шақырғанымыз да естен кетпес оқиға.Назарбаев, Сынд. он жыл).