ҚҰРЫЛЫС

lat: QURYLYS

з а т. 1. Белгілі жобамен салынып жатқан әртүрлі тұрғын үй, мекеме т. б.

Құрылыстың есік, терезе, ағаштан істелетін керекті заттарының бәрін Бейсен ағай атқарады.Омаров, Өмір.).

Өзге қалаларға қарағанда Сайрамдағы құрылыстардың көптігі оның табиғи қолайлы жағдайда орналасқандығынан деп шамалауға болады.Досжанов, Құм жұт.).

Бұл іске болмасам да бұрын ұста, Кірістім темір тартқан құрылысқа . Қойшы едім, жолшы болып жүрмін міне, Шпалды сүйреп жонға, суық қыста.Бекхожин, Қайран жастық).

Көгілдір «Москвич» көшелермен баяу ғана жылжып, үлкен құрылыс жанына тоқтады.Сәрсенбаев, Жауынгер.).

2 . Белгілі бір нәрсенің құрылымы, құрамы.

Жердің ішкі құрылысы туралы көп нәрсе белгісізалам ғажап.).

3. б и о л. Өсімдіктердің жасушалық құрамы.

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы ботаниканың өсімдіктер құрылысын зерттейтін саласы.Мұсақұлов, Ботаника).

Кейбір өсімдіктерде эпидермис құрылысы көп қабат болып та кездеседі, бұған мысал үшін біз фикус өсімдігінің жапырағын көрейік, деді ол (Т.Мұсақұлов, Өсімдік анат.).

4. м е д. Адам, жануарлар ағзасының құрамы.

Құрылыс ерекшеліктері бойынша жемсау ауруының: шор , түйін және шорлы түйінді түрлері болады.Табынбаев, Жеау.).

Бүгін ол ми құрылысы жайлы айтпақ болатын (Ж.Молдағалиев, Сарыарқа.).

// Іш-құрылыс .

Қисмет бір қызық ән тамашалы,

Естуге ел құмар боп таласады.

Бір өрлеп, бір еңістеп, бір бұлтарып,

Қиялап, орғып ойнап қыр асады.

Жүлгелеп жүрегіңді, өкпеңді өрлеп,

Құрылыс қуатыңмен санасады.Найманбаев, Шығ.).

5. а у ы с. Сипат, ұйымдасу, ұжым .

Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық (М.Жұмабаев, Шығ.).

6. ә д е б. Өлең жолдарының ұйымдасуы.

Формалистердің ден қойған мәселелері: өлең құрылысы , әуезділік заңдары, ұйқас, ырғақ мәселелері, сюжеттің құрамдас бөліктері (Р.Нұрғалиев, Өнер.).