ҚҰС САПТЫ АЯҚ

lat: QUS SAPTY Aıaq

Бүркітке жем беретін ыдыс. Бүркітті семірту, түлекке отырғызу үшін оған етті жұлғызып жегізбей, құс сапты аяққа салып береді. Құс сапты аяқты қайың безінен, аршадан жасайды. Әдетте оның сыртқы түрі қысқа сапты ожау іспеттес, ішкі қуысы сопақша, сабында бүлдіргісі болады.