lat: QUSHAQ
з а т. 1. Екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын.
Бір сенің ғана жаныңда,
Сенің ғана құшағыңда,
Еркелі, майда көзіңмен,
Еркелі, тәтті сөзіңмен,
Жансая табам ба десем,
Жарамды жазам ба десем,
Сен де мені отқа салдың ба?.. (Ж.Аймауытов, Шығ . ).
2. а у ы с. Мейірім, шапағат.
Бақытты бауырды, сүйікті досты сеніңқұшағыңнан тауып едік, Отан (С.Қирабаев, Октябрь.).
Большевик колхозының оларға да үй-жайы әзір, ыстық қ ұ ш а ғ ы ашық (Б.Тоқтаров, Қыран.).
3. а у ы с. Бір нәрсенің ырқы, ықпалы, шырмауы.
Ауыл іші де, дала да ұйқы құша-ғында сияқты еді (Б.Тоқтаров, Қыран.).
Мен сол күнгі жұмысты да, түнгі кезекшілікті де қалың ойдың құшағында жүріп өткіздім (Т.Әбдіков, Ақиқат).
Өзі бүтіндей осы әсердің құшағына кіріп алғанды (Р.Хайруллин, Офицер.).