ҚҰШАҚ /26/

lat: QUSHAQ /26/

зат. 1. Адамның екі қолының ішкі жағы мен кеудесін қамтитын алдыңғы иіні. Өкпелетті талайлар, өкпелеттім, (Өкпелетіп адамды көктемек кім?!) Жақсылық па? Жүгірем құшақ ашып, Жамандық па? Оған да бетпе-бетпін (1,228). Қанаттанып өмірге ұшарымда, Кесілмесін бәрібір тұсауым да. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Сәбиі жоқ Ананың құшағында (2,202). 2. ауыс. Қайырым, мейірім, шапағат . Бану, әке мен ананың құшағын , мейірімін сағындым (4,226). Анашым! Қайда жүрсем сен күш-арым, Сүйемін дидарыңды мен, құшамын. Қайда барсам, өзіңдей қарсы алады, Кең байтақ Отанымның кең құшағы. (1,84).