lat: QUSHAQTA
е т. 1. Құшағына алу, қапсыра қысу.
Жаңа қасында паровозды жүргізіп отырған Дарханға еркелей қарап, құшақтай беріп еді, басына қойдың қарнын кептеген баяғы жат адамға айналып кетті (О.Бөкей, Өз отың.).
Қылған ісін Құдайдың таң көремін, Бір көрумен тоймаймын, сан көремін. Дәл өзіңнің қызыңдай боп тұрған соң, Сүйіп-сүйіп құшақтап нан беремін (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).
Күйеуім қонақтарын шығарып салып, тәлтіректеп келіп, мені тағы құшақтап, сүйді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
2. э к с п р. Қолға алу, өзімен бірге алып жүру; қолынан таста- мау.
Осыдан кейін қатпа қара шал қобызын құшақтап, көпшіктің үстіне отырды (О.Сәрсенбаев, Бақыт.).
Аккордеонын құшақтап есік алдына шықсын (Ә.Тарази, Асу.).
Естай Мұхтар Әуезовтің «Абайын» құшақтап жатқаны (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).