lat: QUSHAQTAS
е т. 1. Бір-бірін құшақтау, қапсырып қысысу.
Қыздар ағасымен құшақтасып қимай қоштасты да, амалсыздан арбаға мінді (О.Бөкей, Өз отың.). Қырмызы шалмен де, келінімен де төс қағысып, құшақтасып ұзақ қоштасты (Н.Сералиев, Ыстық күлше).
Сабақтан босанса, жігіттер мен жыртыңдасып, хат жазысып, қолтықтасып, құшақтасып жүргені (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Жүз кедейдің 10 жылда таппайтынын Бір түнде ұстап, бұзықпен қ ұ ш а қ т а с ы п Жүру жоқ сары даламның әдетінде, Болу жоқ күнде айырылып, күнде ғашық (С.Торайғыров, Алаш ұраны).
2. а у ы с. Қолға алу, үйір болу.
Арақпен құшақтастым дегенше, Ақылмен қоштастым де (Мақал-мәтел).