lat: QUSHTAR
[ир. خوشتر ] с ы н. Бір нәрсеге құмар, ынтық; әуес.
Өлім қайда қашар дейсің, мен тіршілікке аса құштар адам- мын (С.Жүнісов, Ақан сері).
Майра әнінеқұштар жұрт түстен кейін тағы қайта жиылды (Д.Әбілев, Арман.).
Бұрын ба- лалар Байдалы шалдың соңынан қалмай аталап, оған бірдеңе деп сөйлесіп қалуға құштарек, басқа үлкендерге қарағанда оны біртүрлі жақын тартып үйірсектеп, еркеле- гіміз кеп тұратынбыз (С.Мұратбеков, Қалың қар).
Білімге де қазағымқұштар халық, Туа сала үйренген ұшқанды алып. Ойындағы нәрсесін орындайды, Бойындағы өзінің күшті аңғарып (Т.Молдағалиев, Шақырады.).