ҚҰШТАРЛАН

lat: QUSHTARLAN

= е т. Құмарту, қызығу, ынтығу.

Әуелгі кездескеннен бергі аңсау, құштарлана күткен дидарласу қашан келер екен (А.Нұрманов, Құлан.).

Әңгімесін айта берсе екен, соны тыңдай берсем екен деп құштарландым (Самғау).

Ойын кезіндегі баланың шығарғыштығы, еліктегіштігі қандай екенін балалардың көбірек ойнайтын ойыны не екенін, әйтпесе қандай уақытта, әсіресе, ойынға құштарланатындығын білгіміз келеді екен, міне, осы жобамен бала ойындарының жоспарын жасаймыз (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Жан еркесі жаралған еренғайып, Дей көрмеші ең ғажап дегенді айып. Бота көзі мөлт етіп, бой балқытып, Құштарланса кетпей ме әлем байып (К.Салықов, Жезкиік).