lat: QUTQARÝ
Құтқар етістігінің қимыл атауы.
1. Аман алып қалу, сақтау.
Шынбергеннің күйіп-жанып іздеген «төртінші өлшем» адамзатты апаттан құтқаруды мақсат тұтса керек («Қаз. әдеб.»).
Көкірегіңде жалындаса нар сенім,
Ұлан болсаң сол сенімге шөлдеген,
Бұл жігітті тек бір ғана жолменен,
Құтқаруға мүмкіндігің бар сенің (М.Шаханов, Ғасырлар.).
2. Айырып алу, арашалау.
Ақбаянды Әлжаннан құтқару деген сөз – маған Ақбаянның қатесін кешіру дегенмен бірдей (I.Есенберлин, Алтын.).
Бұл айта алмай жүрген сырлары екеуі қалай ғұмырлық жолдас болып, Жұманнан Жамалды құтқару екен (М.Дулатов, Шығ.).