lat: QUTYLÝ
Құтыл етістігінің қимыл атауы.
1. Арылу.
Жердің өзіне тарту күшінен мүлде құтылу деген мүмкін емес, бірақ ол күштің әсерін азайтуға болатынын ғылым бізге дәлелдеп береді (О.Жәутіков, Жаратылыстану).
Таяудағы жылдары Қазақстанда полиметалл рудаларын өндіру дәрежесін арттырып, республика зауыттарында руда шикізатын сырттан тасу сияқты қолайсыздықтан мүлде құтылуымыз керек (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).
2. Ұстатпай кету, сытылу.
Ал олардан құтылудың оңай жолы бар (М.Дүйсенов, Мейман.).
Ішкі жағдай осылай болғандықтан, ол үндемей құтылуды жөн көрді (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).