ҚҰТЫЛУ

lat: QUTYLÝ

Құтыл етістігінің қимыл атауы. Қалайда айласын тауып, одан құтылғысы келді (4,158). Тоқаным бауырым. Біздің шыққан арнамыз лайланып тасталған, шамаң келсе, осыдан құтылуға тырыс! (4,44). Ақынның міндеті өз сезімін өзі тұтқындамау, ағынан жарылып, азапқа салған ауыр ойдан айтып құтылу (4,253).