ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе Қылмыстық кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 28-бап)