ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ

lat: QYLMYSTARDYŃ JIYNTYǴY

ҚР Қылмыстық кодексінің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау. ҚР Қылмыстық кодекстің екі немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері бар бір іс-әрекет (әрекетсіздік) (1997 жылғы 16 шілдедегі167 ҚР ҚК 12-бап)