ҚЫЛҚАЛАМ

lat: QYLQALAM

з а т. 1. Кескіндеме, графика т.б. өнерінде кенепке, қағазға бояу жағу үшін қолданылатын құрал.

Сырлы бояулы кескіндемеде қылқаламның жаққышы қатты қылдан, желімді кескіндеме мен фрескада ұзынша қылдан жасалады (Қаз. өнері эн- цикл.).

Суретшіде бояуы мен қылқаламы болса болғаны, жеке отырып керекті суретін жасай алады (А.Тоқпанов, Бүгін.).

Қылқаламды жануарлардың жүні немесе қылынан қаламсапқа бекітіп жасайды (ҚҰЭ).

2. и н ф. <ағыл. brush> Сурет салу бағдарламасында (paint program) таңдап алынған түспен және мәнермен сурет салуға немесе бояуға арналған аспап.

3 . и н ф. Windows жүйесіндегі графикалық редакторларда әртүрлі фигуралармен және сызықтармен шектелген тұйық аудандарды бояу үшін немесе сурет салу үшін пайдаланылатын объект (аспап).

Қылқалам пайдаланушыға графикалық бейне- лерді бояуға мүмкіндік беретін графикалық редактордың (graphics editor) аспабы (Қаз. тілі терми. Информатика.).