сын. 1. Бағасы жоғары, құны артық . Рақмет! Бұл тым қымбат еді ғой (4,204). Картобы құрғыр базарда соншама қымбат (4,210). 2. ауыс. Қадірлі, қастерлі; маңызды. Шіркін өмір, қымбатсың-ау дегенмен, Алданыш боп біраз күнге келгенмен. Айналсоқтап кете алмайды еш пенде, Жапа шегіп, қасірет уын жегенмен (1,35). Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған! Қос бұрым-ай жотаңда бұлғақтаған! Қарғам, сенде жерімнің иісі бар-ау, Жер иісі жұпардан қымбат маған! (2,26).