lat: QYMYZ
з а т. э т н. Бие сүтінен арнайы ыдыста (сабада) ашытылып жасалатын қазақ халқының көне замандардан бергі дәстүрлі тағамы, қадірлі асы, емдік қасиеті мол сусын.
Қымыз әдетте соғымға сойылған семіз жылқының қыртысы зақымдалмаған, жүні қырқылған шыңылтырланған терісінен тігілген (сабада) ыдысқа ашытылады (ҚСЭ).
Тіл үйірілткен ашымал дәм, сүр, саумал майының иісімен қосылып, тек қымызға тән көкірек сарайыңды ашатын хош иіс аңқып тұрады (ҚСЭ).
"Онда қымыз айрандай” деседі, ол өңірді жайлаған мал да қысқа алабөтен мықты болады деседі (М.Әуезов, Шығ.).
Қыз ақ па, көңіл ақ па, қымыз ақ па,
Түсемін қымыз ішсем қызып бапқа.
Ұсынсаң өзің құйып сәулетайым,
Қанбас ем ішіп қымыз күнұзаққа (Қара өлең).