lat: QYMYZDYQ
з а т. ө с. 1. Жапырағы сопақша келген қышқылтым дәмді, жеуге жарайтын, таран тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін жабайы өсімдік. – Тау алыс, сен жете алмайсың, одан да қал. Біз саған мол етіп қымыздық, рауғаш әкеп береміз (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).
Тау басында көкпеңбек көл бар. Маңайында бүлдірген, сарымсақ, қымыздық көп, кейін долана, қарақат піседі (С.Байжанов, Сыр.).
Қараойдың қамшым қалды қабағында,
Шырыны қымыздықтың сабағында.
Қамшымды я табармын, я таппаспын,
Аулыңды алыс кеткен табамын ба? (Қара өлең).
2. т а м а қ. Бақшада қолдан өсірілетін көпжылдық көкөніс.
Қайнатып, елекпен еленген қымыздықтың пюресін тұздау үшін ағаш немесе шыны ыдысқа салып, 1 кг пюреге 250 г тұз қосып, аскөк себеді (Шаңырақ энцикл.).
Қымыздықтың екпе сорттарының тұқымы ерте көктемде, жазда не- месе қара күзде себіледі (Шаңырақ энцикл.).
3. б о т. <лат. rumex> Таран тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік туысы.
Қымыздықтың гүлі даражынысты, қосүйлі, түсі қызғылт, қызыл, не сары (ҚСЭ).
Қымыздықтың Қазақстанда 23 түрі өседі (ҚСЭ).