ҚЫМЫЗДЫҚ

lat: QYMYZDYQ

зат. бот. 1. Қымыздың дәміндей қышқылтым дәмі, иісіндей иісі бар шөп. Біздің ауыл көшеді құба жонға, Қымыздық , қыз саумалдық шығады онда. Ат арытып жетерсің, тон тоздырып, Құрбыжан, қапаланбай шыда жолға (2,289). 2. ауыс. поэт. Ақын бұл жерде қымыздықтың иісін әкелген самал жел туралы айтып отыр. Қымыздық самал құйылып тұрса қырлардан, Теңселуші еді қиылып гүлдер бүр жарған. Талықсып кетіп тамылжып тұрған нұрлардан, Толықсып барып толастап еді бұл жалған (1,135).