lat: QYNAMA
с ы н. Белі тартылып, жиырылып, бүріліп тігілген.
Ерғали онда ауылнай еді: жеккені пар ат, әдемі ызбырой, кигені орысша қынама киім, тек басында қазақы түлкі бөрік қана болушы еді (Б.Майлин, Шығ.).
Өзі қала киімін тастап, ауыл сәнімен киініпті; басында үкілі құндыз бөрік, үстінде қос етекті ақ көйлек пен қынама қызыл қамзол (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).
// Қын, қынап .
Жыртқыш аңның кейбірі, қол малына қастық ететін қылығымен алынады. “Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Қынымадан жаныманы әкел” деген тәрізді. Мұнда қасқырдың шаруаға келтіретін залалы көрсетіледі (М.Әуезов, Шығ.).
Тағы бір күн Өрік әбдіре ақтарып, төрт кез сантон тауып алып, Ақбілекпен ақылдасқан боп, өзіне қынама пішті (Ж.Аймауытов, Шығ.).