lat: QYRÝAR
[ир. خروار ] с ы н. Сансыз көп, тола.
Азаматы қару алып, жауға аттанған елде қыруар шаруаны кемпір-шал, қатын- қалашпен алға бастыру да оңай емес еді (Қ.Салғарин, Жаныңда жүр.).
“Жәдитшілдік” пен “жәдитшілдер” төңкерістер бұрын Түркістанда халықты прогресс жолына салуда қыруар жұмыстар атқарғаны кез келген түркістандыққа мәлім (М.Шоқай, Таңд.).
Өткелі қыруар жолдарда жанға батқан да шығар сан ызғар,
Бір қасық суды аңсатқан шығар сан тарам сарша тамыздар,
Бірақ та, жаным, өледі қыран қияға самғап баратып,
Болғасын бейбақ өз жүрегінің сағынышына қарыздар (Т.Айбергенов, Мен саған.).