lat: QYRARTY: qyrarty oıysy
э т н. а н а т. Жауырын сүйегі қырының артындағы ойыс бөлігі .
Г.Н.Потаниннің Қобда қаласында ұранқай бақсысы Табын сақалдың аузынан жазып алған жауырынымен болжау мәліметі қазақтардағы тұспалмен жақын келеді. Негізі болжамдар қырарты ойысында пайда болған сызат, бедер жолақтарға байланысты жорамалданады (Б.Хинаят, Жауырын.).