ҚЫРКҮЙЕК

lat: QYRKÚIEK

з а т. 1. Күнтізбелік жылдың 30 тәуліктен тұратын тоғызыншы айы, күздің бірінші айы .

Жаңбырлы қыркүйектің таңы алдында,

Өзеннің қара пардай қабағында,

Көп күткен арманының жұлдызындай

Анамның жарқ етіппін жанарында.Мәуленов, Алыс кет.).

Әлден уақытта айналаны қызыл сары түске бояп, қыркүйектің құла таңы атты (С.Досанов, Қыран.).

Қыркүйек туа көген де жиналып, желілер сиреді.Салғарин, Жаныңда жүр.).

Қыркүйек туа түстіктен сұп-суық жел соғып, ертеңгілікте бүкіл табиғат боз қыраудың астында жатады (О.Бөкеев, Қайдасың.).

2. э т н. Қошқар мен текеден күйек алынатын күздің басы .

Қыркүйек атауы малшаруашылығына байланысты шыққан. Қой мен ешкінің төлдеу мерзімін реттеу, яғни төлдеуді жылы айларға сәйкестеу және малды күйлі ету мақсатымен жылдың басында (көбіне отамалы айында) қошқар мен текелерге байланған күйек осы айда алынатын болған (ҚҰЭ).