lat: QYSÝ
Қыс етістігінің қимыл атауы.
1. Бір нәрсені екі заттың аралығына не ішіне салып сығу.
Сен қолымды қысуын қыссаң да, сілікпедің және құшақ та жаймадың (Ә.Нұршайықов, Махаббат.).
Жүйрік уақыт шаршатпай қоймас ақыр.
Денемді сауыт-сайман қысып жатыр.
Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем.
Енді өзіме шақырдым, ажал батыр (Абай, Тол. жин.).
2. Баурына басу, Қапсыра құшақтау. Құшағын жайып, бауырына қысудың орнына, амандасқалы қолын созып келе жатқаны несі (М.Дүйсенов, Гүлжан.).
3. а у ы с. Қысым көрсету, зәрулікке душар ету.
Қайғы шығар ілімнен,
Ыза шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен (Абай, Тол. жин.).
Тамақ, киім, борыш... қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады (Абай, Тол. жин.).