ҚЫШ БЛОКТАР

lat: QYSH BLOKTAR

тығыздығы 1100 1300 кг/м 3 болатын қыштан жасалған қуыс денелі бірліктер. Қуыстарының көлемі 15-40%, су сіңіргіштігі 6-14%, аязға төзімділігі кемінде 25 циклді құрайды. Түрлі үлгі-өлшемде шығарылады: қабырғалар, қалқалар, жабындар, қоршаулар және т.б. жасауға арналған. Негізгі өлшемдері 250х120х140, 250х220х250 және 320х100х140.