ҚЫШҚЫР

lat: QYSHQYR

е т. с ө й л. Қатты дауыстау, бақыру, айғайлау.

Стамбулдың жұрты Уеликий князьды құрмет қып, қуаныштықпен қарсы алып, орысша «ура» деп қышқырып … өздерінің анық қуанғанын білгізді (“ТУГ”).

Алатаудай атаға Ұл қышқырса керекті… Сондай сорлы анаға Қыз қышқырса керекті (Ы.Алтынсарин, Қырғыc хрест.).

Орныңнан тұра шабасың,

Атшабар келсе қышқырып .

Ояз келсе, қайтер ең,

Айдаһардай ысқырып (Абай, Тол. жин.).

Асқар таудай әкеге

Ұл қышқырған замана.

Қылсаң жұмыс бітпейді,

Күн қысқарған замана (Шортанбай ақын, Өлеңд.).