lat: QYSHYMA
з а т. <лат. prurigo> 1. Жұқпалы тері ауруы, қотыр.
Қой тегіс қырқылып болғаннан кейін кейбір қойдың терісінде қышыма, қотыр жараларының барлығы байқалады (Ш.Дәрмағамбетов, Менің замандас.).
Бұрын жылы қораға үйренбеген қой тез терлейді, денесі қышымаға айналады (Шопан сырласы).
Пісіп- жетілмеген жеміс бүрлеріндегі эфир майынан қышымаға жағатын дәрі дайындайды (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).
2. а у ы с. Жөніне жүрмей, өзгелерге тиісіп жүретін адам.
— Екі елдің арасын бұзатын сендей қышымалар ғой, – дегенде жұрт мырс-мырс күліп жіберді (С.Жүнісов, Ақан сері).