lat: QYSQA
с ы н. 1. Шолақ; ұзын емес.
Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай, Тол. жин.).
Шынтуайтқа көшсек, қырық құбылатын қысқа сөзге не жетсін (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).
Өмір қысқа , қалады ерген еріп,
Жүре алмайсың арқаны кеңге беріп.
Жер бетінен өтеді дариялар
Ағыстардың заңымен дөңгеленіп (Т.Айбергенов, Мен саған.).
2. Ұзақ емес, аз уақыт.
Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,
Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.
Өзі қысқа, өзі асау, тентек өмір
Арттағыға бір белгі қойса нетер? (Абай, Тол. жин.).
Соның бәрі толғайды да тербейді,
Қуаныштар көп күттірмей келмейді.
Қысқа күнде қырық сұрақ өмірім,
Шешім табу оңай бола бермейді (К.Салықов, Жезкиік).
Киім сай, тамақ дайын – бәрі алдында.
Мейірінен ата-ананың нәр алдым да,
Жайқалып жас жауқазын өсе бердім,
Ол күннің қысқа екенін біле алдым ба? (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).